Бірлескен жобалар жүзеге асады

28.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кездесу барысында Премьер-минис­трге ЕАДБ-ның кезекті стратегиялық кезеңінің аяқталғаны және Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргі­зіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Банктің жинақталған портфелінде ин­вестициялардың жалпы көлемі 19,6 млрд доллар болатын 326 жоба бар. Тек 2022-2026 жылдары ЕАДБ қатысушы елдердің экономикасына 9 млрд доллар инвестиция құйды, оның 5,2 млрд доллары Қазақстанға тиесілі. Кейінгі 4 жылда Қазақ­стан экономикасына салған инвес­тиция көлемі жыл сайын 1 млрд доллардан астам болса, 2025 жылы 1,5 млрд долларға жетті.

Қаржы бөлінген маңызды жобалардың ішінде – «Силлено» газ өңдеу зауыты, Атырау облысындағы KPI газ-химия кеше­нінің құрылысы, тау-кен металлургия кеше­нінің кәсіпорындарын жаңғырту, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы ЖЭО-ларды қайта жаңарту ісі бар. Биыл ЕАДБ ірі жобаларды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру секторын қаржыландыруды жалғастырады.

Кездесу қорытындысы бойынша сын­дарлы әріптестікті одан әрі нығайтудың және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мүддесінде инвестициялық ынты­мақ­тастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью