Бірлік күніне орай 5 мыңнан астам іс шара өтеді

01.05.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы атап өткендей, бірлік пен этносаралық келісім – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.

Бүгінде елімізде 100-ден астам этнос өкілі татулық пен келісімде өмір сүреді. Елде 1 мыңнан астам этномәдени бірлестік пен 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым жұмыс істеп, бірлікті нығайту мен мәдениетаралық диалогты дамытуға үлес қосып келеді.

Мемлекет тарапынан барлық этностың тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға және дамытуға қажетті жағдай жасалған. Бұл бағытта ел ішіндегі татулық пен ынтымақтың ұйытқысына айналған 36 Достық үйі жұмыс істейді.

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында еліміз бойынша 5 мыңнан астам іс-шара өтеді.

Орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Бірлік сабақтары» өткізіледі. Жоғары оқу орындары мен колледждерде «Бірлік көпірі» атты студенттік эстафета басталды.

1 мамыр күні облыс орталықтарының негізгі алаңдарында отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер, сондай-ақ жәрмеңкелер мен танымдық мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады.

Этномәдени бірлестіктер ел бірлігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан – ортақ үйіміз» жалпыұлттық челленджін бастады.

Қайырымдылық мәдениетін дамытуға да айрықша мән берілуде. Этномәдени бірлестіктер өкілдері қайырымдылық және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 40 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды.

Сондай-ақ, «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 700-ден астам қайырымдылық жобасы іске асырылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью