Бірлік пен келісім жолындағы миссия

28.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақ жеріне табан тіреген талай этнос ризашылығын білдіретін Алғыс айту күні ел бірлігінің рәмізіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған тарихи датамен тікелей байланыс­ты. Үш онжылдықты еңсерген ұйым бүгінде қоғамдық келісімнің темірқазығына айналып, сан алуан мәдениетті ортақ мүдде аясына ұйыстырды. Уақыт сынынан өткен іргелі институт құрылымы елдегі саяси жаңғыру кезеңінде қалай өзгереді?

Сурет: Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бағдарласақ, ҚХА сонау 1995 жылы алғаш құрылған сәтінен бері өзіндік бас-аяғы бар трансформациядан өткен. Бастапқы кезеңде ұйым этносаралық келісім мен мәдени өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған қарапайым құрылым ретінде бекіді. Яғни тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әр этнос өз тарихын, тілін, мәдениетін дамытуға мүмкіндік алды. Өз тарихын зерделеу арқылы олар қазақ халқының қиын кезеңдердегі қолдауын терең түсінді. Бұл ортақ тағдыр мен ризашылық сезімін қалыптастырды. Елге жер аударылған қай этностың өкілі болсын мұны әрдайым алғыспен еске алады.

Уақыт өте Ассамблеяның миссиясы кеңейіп, ол ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды құрылымға айналды. Жыл сайынғы сессияларында ел дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, маңызды шешімдер қабылданатын болды. Сондай-ақ ұйым қазақтың дәстүрін жаңғыртуға, төл құнды­лық­­­та­ры­мызды дәріп­теуге, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған жобаларды табысты жүзеге асырды.

«Ассамблеяның басты мін­деттерінің бірі жастар санасына бірлік құндылықтарын сіңіру болды. «Мың бала» жобасы мен қазақ тілін оқытудың деңгейлік бағ­дарламалары секілді түрлі бас­тамалар мемлекеттік тілге қызы­ғушылықты арттырды. Нә­тижесінде, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынастағы рөлі күшейді. Есесіне, қоғамдық салаларда қазақ тіліне судай жаңа буын қалыптасты», деді ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанаи.

Ассамблеяның конституциялық мәртебе алуы оның рөлін күшейтті. Халықаралық аренада Ассамб­лея этностардың құқығын қор­ғау мен мәдени әртүрлілікті сақтаудың тиімді үлгісі ретінде мойындалды. Осылайша, еліміз өзіндік келі­сім моделін қалыптастырды.

«Қазақ халқы – мемлекет құраушы ұлт ретінде елдегі бар­лық этносты өз айналасына топтас­тыра алды. Ал Ассамблея этнос­аралық диа­лог пен мәдени ынты­мақ­тастықтың негізгі алаңына айналды. Бүгінде тарихи миссиясын орындады деп айтуға негіз бар. Тәуелсіздік жылдарынан бері егемен елде жаңа буын қалыптасты. Енді сол ұрпақ балаларына ел тарихын, бірлік пен татулықтың құндылығын әрі қарай да жеткізе алады, – деді Н.Шанаи.

Ендеше, ендігі миссия жаңа мазмұнда жалғасады. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың түйінді отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы­ұлт­тық диалогті жүйелі жүргізуге ар­налған жаңа институт құру бас­тамасын көтерді. Мемлекет басшысы Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызы бар миссиялары іс жүзінде табысты аяқталғанын атап өтіп, жаңа инсти­тут ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынды. Болашаққа көз салсақ, Халық кеңесі қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау міндетін заманауи саяси форматта жалғастыра отырып, елдің дамуы мен реформалық бағыттарына ықпал етеді.

«Кеңес ел ішіндегі бірлік пен сенімді нығайтып қана қоймай, әлеуметтік әділет, тілдік және мәдени әртүрлілікті сақтау, азаматтардың ұсыныстарын мем­лекеттік сая­сат­қа жүйелі ен­гізу бағытында стратегиялық үй­лестіруші органға айналады. Оның тиімділігі – ин­клю­зив­­тілігінде. Өңірлік өкіл­дік – елдегі әрбір аймақтың ерек­шелігін, әлеуметтік-мәдени жағдайын ескеруге мүмкіндік береді. Ал қызметі мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жүргізу, тәуекелдерді болжау, мәдени-гуманитарлық саясатты үйлестіру, қоғамдық бас­тамаларды қолдау бағытында дамиды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесіне сапалық тұрғыдан үш маңызды өзгеріс әкеледі: шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы мен есептілігі артады, қоғам мен билік арасындағы сенім нығаяды, елде тұрақтылық пен бірлік жаңа институционалдық негізге көше­ді», деді Республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық құрылтайдың, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Шерзод Пулатов.

Осылайша, келісім тәжірибесі, бірлік идеясы институционалдық эволюция кезеңіне қадам басты. Ендігі Қазақстанның Халық кеңесі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын нақты іске асыратын қадам болады деп күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар

«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады

Оқиға • Бүгін, 12:57

Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды

Оқиға • Бүгін, 11:27

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:45

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Дананың сөзі ұраныма айналды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Бірлік пен келісім жолындағы миссия

Қоғам • Бүгін, 09:45

Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы

Қоғам • Бүгін, 09:40

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Игі істің иесі

Қоғам • Бүгін, 09:25

Еселенген жақсылық

Пікір • Бүгін, 09:20

Ауғанстан азаматтарының ықыласы

Қоғам • Бүгін, 09:15

Мейірбан жұртыма ризамын

Қоғам • Бүгін, 09:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью