Бірнеше өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді

30.12.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Жол қозғалысы 31 желтоқсанда таңертең ашылады деп болжанып отыр.

Батыс Қазақстан облысы:

Жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді.

"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының учаскесіндегі 273-393 шақырым (Барбастау кенті учаскесі – Жымпиты кенті);

"Атырау - Орал" автожолының учаскесінде 373-492 км. (Чапаев кентіндегі учаске - Орал қаласы).

Қозғалыстың ашылуының болжамды уақыты - 2025 жылдың 30 желтоқсанында сағат 21: 00.

Ақмола облысы:

Автокөліктің барлық түрінің қозғалысы шектелген:

"Астана - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы" республикалық маңызы бар автожол учаскесіндегі 18-232 км (Астана қаласы – Щучинск қаласы).

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының учаскесінде 16-200 км (Астана қаоасы - Павлодар облысының шекарасы).

Жол 31 желтоқсанда сағат 08:00-де ашылады деп болжанып отыр.

Павлодар облысы:

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының учаскесіндегі барлық автокөлік түрлері үшін 200-254 км шектеу қойылды. (Ақмола облысы шекарасы – Шідерті кенті).

Қозғалыс 31 желтоқсанда сағат 08:00-де ашылуы мүмкін.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью