Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Аталған үш елдің сыртқы істер министрлері ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі басшысы Кая Калласқа бірлескен хат жолдап, Таяу Шығыстағы, әсіресе Ливандағы ахуалға байланысты одақтың ұстанымын шұғыл қайта қарауды және нақты шаралар қабылдауды талап етті.
Хат авторлары Израиль қабылдаған шешімдер адам құқықтарына қайшы келіп, халықаралық құқықты бұзатынын айтып, алаңдаушылық білдірді. Олар Еуроодақты өзінің негізгі құндылықтарын қорғау үшін саяси әрі моральдық жауапкершілік алуға шақырды.
Сыртқы істер министрлері мұндай заңбұзушылықтарға көз жұма қарамай, қағидаттық ұстанымын сақтауы үшін ЕО-ны белсенді әрекет етуге үндеді.
Құжатта Израильде палестиналықтарға өлім жазасын енгізуді көздейтін заң жобасы адам құқықтарының өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, елдің демократиялық қағидаттардан алыстауына әкелетіні және өңірдегі ахуалды ушықтыратыны атап өтілген.
Сондай-ақ хатта Ливанда атысты тоқтату келісімі құпталып, барлық тарапты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін сабырлық пен жауапкершілік танытуға шақырған.
Израильдің қауымдастық туралы келісімнің 2-бабы бойынша міндеттемелерін орындауына қатысты бұрынғы шолуға сілтеме жасалып, Тель-Авивтің адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді сақтамағаны нақты көрсетілгені айтылған.
Үш елдің сыртқы істер министрлері қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ЕО-ны өз әрекеттерін қайта қарауға шақырып, барлық ықтимал нұсқаларды қарастыра отырып, жедел әрі батыл шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.
Еске сала кетейік, 16 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік атысты тоқтату туралы жариялаған еді.