Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Detector404 ақпаратына қарағанда, тәулік ішінде Қазақстанда мессенджер жұмысына шағымдар көбейген.
Кестеге сәйкес, Астана уақыты бойынша сағат 15:00 шамасында шағымдар саны күрт өсіп, шамамен 130 хабарламаға жетті.
Соңғы бір сағат ішінде проблемалар туралы ең көп хабарлама Алматыдан келіп түсті, яғни өтініштердің шамамен 17 пайызы тиесілі. Бұдан кейін Қарағанды облысы (13%), Астана (11%), Павлодар облысы (10%) және Қостанай облысы (9%) тұр.
Тұрғындар негізінен сервиске қол жеткізу және хабарлама жіберу проблемасына қатысты шағым айтып жатыр.
Telegram жұмысындағы проблемалар туралы басқа елдерде де байқалып отыр. Downdetector қызметінің хабарлауынша, шағымдар Украина, АҚШ, Франция, Өзбекстан, Сербия және Чехиядан келіп түскен.
Әзірге, ақаулардың ықтимал себептері туралы Telegram-нан ресми түсініктеме болған жоқ.
Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында әлем бойынша пайдаланушылар YouTube қызметіндегі ақауға шағымданған еді.