Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елге әкелінетін бірқатар тауар кедендік баж салығынан уақытша босатылды.
Атап айтқанда, 100 мың тоннаға дейін қант шикізаты мен 2 жарым мың тонна мыс шикізатын жыл аяғына дейін бажсыз кіргізуге болады. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі отырысында осындай шешім қабылданды. Бұл шаралар отандық қант зауыттары мен түсті металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мамыр айына дейін шие, өрік, қара өріктің белгілі мөлшерін импорттау баж салығынсыз жүзеге асырылады.