Бірыңғай QR код: банктер бонустарды қалай төлейді

23.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Ұлттық банк бірыңғай QR-кодпен төлеу кезінде комиссиялар мен бонустарды есептеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 шілде күні Қазақстанда мобильді төлемдердің жаңа банкаралық жүйесі жұмыс істей бастады. Соның аясында бірыңғай QR-код арқылы кез келген банктің терминалымен төлем жасауға мүмкіндік бар.

"Банкаралық төлем кезінде бірыңғай QR арқылы орындалатын төлем комиссиясы бизнес үшін өзге банктің картасымен төлем жасаған кезде ұсталатын комиссиядан жоғары болмауға тиіс. Осылайша, кәсіпкерлер бірыңғай QR арқылы төлем қабылдағанда басқа кез келген банктің картасымен жасалған ұқсас транзакция құнынан артық шығын әкелмейтініне кепілдік беріледі", - дейді ұлттық банк мамандары.

Сатып алушы мен сатушының терминалына бір банк қызмет көрсетсе, тарифті сол банктің өзі белгілейді. Ал әртүрлі банктер болса, кәсіпкер 1 проценттік комиссия төлейді.

"1 проценті сатып алушының банкіне кетеді. Оның бір бөлігін банк клиенттерге бонус пен кэшбек түрінде қайтара алады. Яғни, комиссияның осы бөлігі бонус бағдарламаларын қаржыландырады. Қалған соманы қолма-қол ақшасыз төлем қабылдағаны үшін кәсіпкерге қызмет көрсетуші банк алады", - дейді мамандар.

Сатып алушы үшін бірыңғай QR бойынша төлем жасау тегін.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью