Бірыңғай QR шетелде қолжетімді болады

27.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Енді қазақстандықтар шетелде де QR-кодпен сауда жасай алады. Бұл туралы Ұлттық төлем корпорациясының Төлем жүйелерін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденов хабарлады. 

Елде банкаралық QR қызметі биыл қыркүйекте іске қосылды. Оған Қазақстанның алты банкі өтті. Бұл құрал кез келген банктің қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Әрі бизнеске бірнеше терминал ұстаудың қажеті жоқ. Мамандардың айтуынша, деректердің қауіпсіздігі қосарланған шифрландыру арқылы қамтамасыз етілген. Келесі жылы барлық қаржы ұйымдарын мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. 

Трансшекаралық операциялар 2026 жылдың соңына дейін қолжетімді болады деген жоспар бар. Бұл қазақстандықтардың шетелде есеп айырысуын жеңілдетіп, елге келетін саяхатшыларға төлем жасауды ыңғайлы етеді. Қазірдің өзінде Түркия және Таиландпен келісімдер пысықталып жатыр.

Жанел Айтқазы, Төлем жүйелерін дамыту департаментінің бас менеджері:

- Келесі жылы бізде сондай мақсаттарымыз бар. Басқа мемлекеттерге шығу және де бізге келіп жатқан туристерге де осындай бір мүмкіндік беру. Өздерінің банктерін пайдаланып, біздің QR-мен ақшаны төлей берсе деген. Біз осы жыл бойы қай мемлектетен бізге адамдар көп келетінін, қай мемелекетке біз жақтан көп баратынын анықтадық. Соның бәрін тексеріп алып, содан кейін осындай шешімге келдік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью