Бірыңғай QR, ыңғайлы төлем

22.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Техникалық қызмет көрсету жеңілдейді

Бұған дейін әр банк өзінің жеке QR инфрақұрылымын қалыптастырғаны белгілі. Сол себепті бір дүкенде бірнеше QR-код қатар тұратын. Егер сатып алушының банкі сатушының төлем жүйесімен техникалық тұрғыдан үйлеспесе, онда QR арқылы төлем жасау мүмкін болмайтын. Жаңа жүйе осы шектеуді жояды. Енді сатып алушы қай банктің клиенті екеніне қарамастан, ортақ жүйеге қосылған кез келген терминал арқылы төлем жасай алады. Есепші Гүлназ Серік­қызының айтуынша, мәселе тек техникалық қолайлылықта емес. «Осы уақытқа дейін әр банктің QR төлеміне арналған өз платформасы болды. Соның салдарынан тұтынушының мобильді қосымшасы басқа банктің QR-кодын оқымайтын жағдайлар жиі кездесетін. Мұндайда адам басқа төлем әдісін іздеуге немесе қолма-қол ақша шешуге мәжбүр болатын.

Бірыңғай QR іске қосылғаннан кейін мұндай кедергілер жойылады. Сатып алушы қай банктің қосымшасын пайдаланса да ортақ жүйеге қосылған кез келген терминал арқылы есеп айы­рыса алады. Бұл төлем жасау үдерісін әлдеқайда ыңғайлы етеді. Ең маңыздысы – банктің атауы емес, төлем жасау мүмкіндігі алдың­ғы орынға шығады. Өзгеріс бизнестің де шығынын азайтады. Қазір көптеген сауда орындары әртүрлі банктің бірнеше терминалын қатар ұстайды. Ал бірыңғай жүйе толық іске қосылған соң бір ғана QR-код немесе бір терминал жеткілікті болады. Бұл кәсіпкерлердің эквайрингке кететін шығынын азайтып, техникалық қызмет көрсетуді де жеңілдетеді», дейді есепші.

Бірыңғай QR жобасы бүгін ғана пайда болған жоқ. Алғаш рет банк­ара­лық QR төлемі 2024 жылдың қара­ша­сында Алматыда өткен Қазақстан қаржы­гер­ле­рінің конгресінде таныстырылған еді. Сол кезде алғашқы сынақ операциясы екі банк арасында жүргізілді. Кейін жүйені кезең-кезеңімен барлық банкке тарату жоспарланғанымен, тех­­никалық үйлестіру жұмыстары күт­­кеннен ұзаққа созылды. Биыл нау­рызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ірі банк­тер­дің жаңа жүйеге қосылуды созып жатқанын сынға алған болатын. Осыдан кейін Ұлттық банк барлық техникалық мә­селелердің заңмен белгіленген мер­зімге дейін толық шешілетінін мәлім­деді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұған дейін кешігудің не­гіз­гі себебін банктердің әртүр­лі тех­но­логиялық шешім қол­дануы­мен тү­сін­дірген еді. Оның айтуын­ша, әр қар­жы ұйымында QR кодындағы ақпарат құ­рылымы мен криптографиялық қорғаныс алгоритмдері әртүрлі бол­ған­дық­тан оларды ортақ стандартқа кел­тіруге уақыт қажет болды. Қазір бұл жұ­мыс аяқталуға жақын, ал банктер заңда бел­гіленген мер­зімге сай жаңа жүйеге қосы­лып жатыр. 

Қаржы ұйымдарының жаңа бәсекесі

Бірыңғай QR жүйесі іске қосылғаннан кейін өзгеріс тек төлем жасау тәсілімен шектелмейді. Ол банк секторындағы бәсекенің сипатын да өзгертеді. Осы уақытқа дейін әр қаржы ұйымы клиентті өз экожүйесінде ұстап қалуға тырыс­ты. Себебі клиент банк қосымшасы арқылы дәл сол банктің QR-кодымен есеп айырысқан сайын қаржы ұйымының өз қызметіне тәуелділігі арта түсетін. Есепші Г.Серікқызының айтуынша, бұрын әр банктің QR жүйесі жабық экожүйе ретінде жұмыс істеді.

«Егер адам белгілі бір банктің мо­бильді қосымшасын пайдаланса, сол банк­тің терминалдары арқылы төлем жасағаны тиімді болатын. Басқа банктің QR-кодын қолданғанда қосымша шектеу­лер немесе қолайсыздықтар кездесетін. Бірыңғай QR енгізілген соң мұндай ар­тық­шылық жойылады. Енді банктер клиентті техникалық шектеумен емес, қызмет көрсету сапасы, мобильді қосым­шаның ыңғайлылығы, бонустық бағ­дар­ла­малар мен қосымша сервистер арқылы тартуға мәжбүр болады», дейді сарапшы.

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

Яғни бұрын банктер QR инфрақұры­лы­­мымен бәсекелессе, енді цифрлық сер­вистердің сапасы алдыңғы орынға шы­­­ғады. Бірыңғай жүйенің тағы бір ма­ңыз­ды тұсын кәсіпкерлер сезінеді. «Bank CenterCredit» банкінің қоғаммен байланыс және бизнесті дамыту жөнін­де­гі директоры Сәкен Ниғмашевтің айтуынша, бұл әсіресе шағын және орта бизнеске тиімді.

«Біз де бірыңғай QR жүйесіне мүм­кін­дігінше ертерек қосылуға мүдделі бол­дық. Бірақ тұтынушы­ны көбірек тол­ғандыратын мәселе басқа. Ол – қай тәсіл­мен төлеген тиімді және кэшбэк сақ­тала ма деген сұрақ. Егер кэшбэк бол­маса, тұтынушы жаңа жүйеге бір­ден қызы­ғу­шы­лық танытпауы мүмкін. Сондықтан банктер алдағы уақытта дәл осы бағытта бәсекеге түседі. Әрқайсысы өз адалдық бағ­дарламаларын ұсынып, клиентті сақ­тап қалуға тырысады», дейді ол.

Банк ұтып, клиент ұтылмай ма?

Бұл жерде тағы бір маңызды мәселе бар. Кейбір сарапшылар банктер өзде­рі­нің жеке QR жүйесін сақтап қалып, ең жоғары бонустарды тек сол жүйеде қал­ды­руы мүмкін деген пікір айтты. Мұн­дай жағдайда бірыңғай QR қағаз жүзінде ғана жұмыс істеп, тұты­нушылар бәрібір бұрынғы эко­жүйеде қалуы ықтимал еді. Ұлт­­тық банк төрағасының орын­ба­сары Бинұр Жаленовтің айтуын­­­ша, мұндай тәжірибеге заң жол бермейді.

«Біз банктердің тарифтік сая­сатын реттемейміз. Өйткені елімізде ашық әрі бәсекелі нарық қалыптасқан. Әр банк өз клиентіне қандай қызмет ұсынатынын өзі анықтайды. Бірақ заңда кемсіту­ші­лікке жол бермеу туралы нақты талап бар. Яғни банктер тұты­ну­шы­ны бірыңғай QR пай­да­лан­ғаны үшін қолайсыз жағдайға қал­дыра алмайды әрі клиентке артық ке­дергі жасайтын талап енгізуге құқығы жоқ», деді Бинұр Жаленов.

Бұл дегеніміз, банктер бірыңғай QR пайдаланған адамды әдейі кэшбэктен айы­рып, комиссия енгізіп немесе бонустық бағдарламадан шеттете алмайды. Яғни клиент қай банк қосымшасымен төлем жасаса да, бұрынғы артықшылықтарын сақтауға тиіс.

«Жүйе өткен жылдан бері сынақ ре­жі­мінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында оның көмегімен 300 млрд теңгеден астам операция жүргізілген. Бүгінде банкаралық ақша ауда­рымы 13 банктің клиентіне қол­жетімді болса, QR арқылы төлем жасау сервисіне 9 банк қосылған. Halyk, БЦК, Home Credit, Freedom, RBK және Altyn Bank-тер қосылған. Барлық банк бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Қалған банктердің бәрі жүйені жетілдірудің соңғы кезеңіне өтті. Қазір олар тестілеуден өтіп жатыр. Апта са­йын жұмысты үйлестіріп келеміз», деді ол Digital Business-ке берген жауабында.

Кәсіпкерлерді мазалаған тағы бір мәселе – жаңа жүйеге көшу үшін қосым­ша жабдық сатып алу қажеттілігі. Бұл сауал­ға да Ұлттық төлем корпорациясы нақты жауап берді. Сөйтсе, қолданыстағы POS-терминалдарды ауыстырудың қажеті жоқ екен. Банктер бағдар­ламалық қам­тамасыз етуді қашық­тан жаңартады. Жаңа­рту аяқталған соң терминалдар авто­­матты түрде бірыңғай QR-код ар­қылы төлем қабылдай бастайды. Демек кәсіпкерлер қосымша шығын шығар­майды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью