Бірыңғай QR жүйесі банк кэшбэктеріне әсер ете ме?

17.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: istockphoto.com

Бинұр Жәленовтың айтуынша, бірыңғай QR-кодтың іске қосылуы кэшбэк саясатына әсер етпейді. Әрбір қаржы ұйымы өз клиенттеріне арналған бағдарламаларын өздері әзірлеп, кэшбэк мөлшерін өз бетінше анықтайды.

«Біз Ұлттық банк және төлем нарығын реттеуші ретінде тарифтердің қалыптасуын, сондай-ақ банк пен клиент арасындағы қарым-қатынасты реттемейміз. Бұл – бәсекелестікке негізделген нарықтық мәселе», деді Бинұр Жәленов.

Бірыңғай QR жүйесі: кәсіпкерлер үшін қандай өзгеріс болады?

Оның сөзінше, қазірдің өзінде елімізде кемінде 3 банк бірыңғай QR жүйесін пайдаланушыларға арналған арнайы адалдық бағдарламаларын әзірлеп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банк бірыңғай QR-код жүйесінің таныстырылымын өткізді. Аталған жүйе 19 шілдеден бастап барлық банктерде іске қосылады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью