Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Елімізде сатып алу жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа кезең басталды – Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылып, барлық рәсімдерді бір ортаға біріктіруге мүмкіндік туды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Қаржы министрлігі
2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Құжат сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, рәсімдерді жеңілдетуге және саланы цифрландыруға бағытталған.
Заңдағы басты жаңалықтардың бірі – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі ретінде Бірыңғай сатып алу платформасын құру. Бұл жүйе мемлекеттік сатып алу мен «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заң аясындағы сатып алуларға электрондық қызметтер арқылы бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынады.
Платформа мемлекеттік сатып алу веб-порталымен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор мен «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ алаңдарымен толық интеграцияланған. Атап айтқанда, goszakup.gov.kz, mitwork.kz, zakup.sk.kz жүйелерімен байланыс орнатылған.
Сонымен қатар 2025 жылы реттелетін сатып алулар бойынша деректерді талдау және біріктіру мақсатында бірқатар маңызды жүйелерді интеграциялау жұмыстары аяқталды. Олардың қатарында мемлекеттік білім беру тапсырысы мен оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру қызметтері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу порталдары, медициналық ұйымдарға арналған платформалар, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу алаңдары бар.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай сатып алу платформасында 46 793 пайдаланушы тіркелген.
Ағымдағы жылы платформаның функционалын кеңейту көзделіп отыр. Соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу алаңымен интеграция жүргізу жоспарланған.
Бұл бастама «бір терезе» қағидаты бойынша барлық реттелетін сатып алуларға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, пайдаланушылардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жалпы, Бірыңғай сатып алу платформасын іске қосу – елдің сатып алу жүйесін цифрлық трансформациялаудағы маңызды қадам. Жаңа модель ашықтықты арттырып, бәсекелестікті дамытуға және барлық қатысушылар үшін тиімді әрі заманауи орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Мемлекеттік сатып алу саласында ЖИ көмегімен 781 млрд теңге үнемделді
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Ресейде үш қазақ мектебі ашылады: Лавров білім саласындағы жаңашылдықтарды жариялады
Әлем • Бүгін, 17:54
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10