Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне дайындықтың негізгі мәселелері талқыланды

31.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2026 жылғы 27-30 тамыз аралығында Бішкек қаласында Қырғыз Республикасының төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұйым қызметін жетілдірудің өзекті аспектілеріне және оның шарттық-құқықтық базасын нығайтуға ерекше назар аударылды.

«Бішкек қаласында өтетін Мемлекет басшыларының алдағы саммиті ШЫҰ-ны одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызға ие. Ұйымның 25 жылдығы атап өтілетін биылғы жылы өткен кезеңді қорытындылап қана қоймай, алдағы өзара іс-қимылдың нақты бағдарларын айқындау маңызды. Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді көпжақты құрылым ретіндегі рөлін нығайтуға айрықша мән береді», – деді Қазақстан Республикасының ШЫҰ істері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев.

ШЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша, Ұйым қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға және мүше мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ауқымды құжаттар топтамасын қабылдау жоспарлануда. Олардың қатарында ШЫҰ-ның 25 жылдығына орайластырылған Бішкек декларациясы бар.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесі Ұйымның ағымдағы қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті министрліктері мен ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью