Бішкекте ҰҚШҰ саммиті өтеді: Путин Қырғызстанға барды

25.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен және ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін барды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей басшысы Қырғызстанда 25-27 қараша аралығында жұмыс істейді. Сейсенбі күні ол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен бірге Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қояды. Содан кейін екі президент Ала-Арча резиденциясында бейресми жеке кездесу өткізеді, деп хабарлады Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.

Бұған дейін хабарлағанымздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндаған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью