Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сеулдағы компания бұл туралы бүгін хабарлап, оқиғаның жарнамалық акция кезінде болғанын және бұл хакерлік шабуыл немесе қауіпсіздік осалдықтарымен байланысты еместігін нақтылады.
Биржаның мәліметінше, 695 клиентке әрқайсына 2000 вон (шамамен 1,37 доллар) көлемінде бонус беру жоспарланған еді.
Алайда оларға кемінде 2000 биткоин аударылған. Көптеген алушы криптовалютаны бірден сата бастаған, бұл нарықта кенет реакция тудырып, Bitcoin бағамы қысқа уақытқа 17%-ға төмендеген.
Bithumb болған жағдай үшін кешірім сұрап, қате таралған 620 мың биткоиннің 99,7%-ын қайтара алғанын хабарлады.
Bithumb — Оңтүстік Кореядағы ең ірі биржалардың бірі, сауда көлемі бойынша тек Upbit-ке ғана төмен келеді.
Айта кетелік Оңтүстік Кореяда мұрагерлік салық салдарынан миллионерлер саны азайып барады.