Биткоин арқылы жасалған жалған мәміле: Шымкентте ірі алаяқтық әшкереленді

01.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Күдікті алаяқтық жолмен құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденген. Ол есеп айырысу криптовалютамен (биткоинмен) жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеуді ұйымдастырған.  Заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген, яғни іс жүзінде төлем жасалмаған. Кейін жағдайды пайдаланып, күдікті экс-иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды таратпау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен, — делінген хабарламада.

Құзырлы органның мәліметінше, жедел іс-шаралар барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталған.

Алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, бұған дейін полиция ШҚО-да аса ірі көлемдегі психотроптық заттар сақталған қойма анықтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью