Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,7 млн тонна мұнай өнімдерін өндіру жоспарланған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 100,7% өсім көрсетеді.
– Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 477,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 115,8% құрады. Биылғы жоспар – 589,7 мың тонна. Есепті кезеңде 89,9 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілді. Осы жылдың жоспары – 117,9 млрд кВтсағат, – деді Е.Ақкенженов Үкімет отырысында.
Сонымен бірге, 9 айда жаңартылатын энергия көздері объектілерінен 6,5 млрд кВтсағат электр энергиясы өндірілген. 2025 жылғы жоспар – 7,2 млрд кВтсағат.
Айта кетейік, жыл басынан бері 75,7 млн тонна мұнай және газ конденсаты өндірілген. Осы жылға жоспар – 96,2 млн тонна.
Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы талқыланып жатыр.