Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— Қазір ел аумағында 24 автомобильді газ толтыру компрессорлық станциясы, оның ішінде QazaqGaz-дың 7 станциясы бар. Биыл QazaqGaz Onimderi франшизасы бойынша Алматы, Тараз қалаларында және Жетісу облысында 4 газ толтыру станциясы ашылады, — деді ол.
Сондай-ақ, ол мұндай стансалар халықаралық жолдардың бойынан орын тебетінін атап өтті.
— Автоматты газ толтыру компрессорлық станцияларын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасында да салу үшін жеке инвестициялар тартуды жалғастырамыз, — деді QazaqGaz басшысы.
Еске салсақ, қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидің ұстаған болатын.