Биыл 80 нен астам суару каналын цифрландыру басталады

20.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл бұған дейін реконструкциядан өткен "Қазсушар" РМК қарамағындағы 86 суару каналын цифрландыру жұмыстарын бастайды.

Жоба аясында механикалық гидрожапқыштарды автоматтандыру, сондай-ақ оларға су көлемі мен деңгейін есепке алатын құрылғылар орнату көзделген. Жалпы осы шаралар нәтижесінде ұзындығы 502 шақырымнан астам суару желісі цифрландырылады.

Министрлік мәліметінше, бұл – Қазақстандағы ирригация желілерін цифрландыру мен автоматтандыруға бағытталған жалғыз жоба емес.

"Биыл Ислам даму банкінің қолдауымен оңтүстік өңірлердегі 103 канал бойынша жұмыстар басталады. Соның нәтижесінде 2027 жылға қарай 900 шақырымнан астам канал жаңғыртылады", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Вице министр 2026 жылдың бірінші жартысында тағы 263 каналдың реконструкциясы мен автоматтандырылуына арналған жобалау-сметалық құжат әзірлеу жұмыстары аяқталатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью