Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Биыл елімізде шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Жоспар Оқу-ағарту министрлігінің апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмыстары аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрліктің мәлімдеуінше жаңа білім ошақтарын іске қосу Арнайы мемлекеттік қор, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет қаражаты және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады.
«Мектептердің басым бөлігі Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан облысы және Түркістан облысы аумақтарында бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар білім беру сапасын арттыру мақсатында химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып, мектептерге орнатылды. Соңғы үш жыл ішінде 4320 пәндік кабинетпен қамтамасыз етілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымына көшу үшін 1300 білім беру ұйымын жаңғырту көзделген. Оның 900-і ауыл мектептері. Өткен жылы 209 мектепте жаңарту жұмыстары аяқталса, 2026 жылы тағы 98 мектепте реновация жалғасып жатыр», делінген ведомство хабарламасында.
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Жаңғырту аясында мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, жиһаздарды жаңарту, кітапхана мен асханаларды модернизациялау, спорт залдарын салу немесе қайта жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қауіпсіздік жүйелерін орнату қарастырылған.
Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ел көлемінде 236 мың оқушыға арналған 162 мектеп пайдалануға берілді. Жалпы соңғы үш жылда 746 мың оқушы орны бар 584 мектептің құрылысы аяқталған.
Соңғы жаңалықтар
Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Қоғам • Бүгін, 10:38
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Өнер • Бүгін, 10:11
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Білім • Бүгін, 10:01
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 09:38
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:28
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Қаржы • Бүгін, 09:05
Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты
Спорт • Кеше
Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Референдум • Кеше
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Спорт • Кеше