Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейді

31.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның 2026 жылғы қорытынды отырысы вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев конкурстың екінші кезеңіне өткен туындыларды қоғамдық талқылау қорытындысы туралы баяндама жасады.

Зиялы қауымының беделді өкілдерінен құралған комиссия мүшелері әдебиет, музыка, театр және бейнелеу өнері салалары бойынша ұсынылған 7 жұмысты қарады.

"Дауыс беру нәтижесінде комиссия мүшелері ұсынылған туындылар жөнінде ортақ шешімге келе алмады. Осыған байланысты биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілмейтін болды", - деп хабарлады министрлік.

Отырыста жұмыстарды бағалау шарттарын қайта қарау, сараптамалық сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру және конкурстық іріктеу рәсімдерін жүйелеу ұсынылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью