Биыл Алакөлге 2 миллион турист келеді

07.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Ашық дереккөз

Алакөлдің басты ерекшелігінің бірі – минералдарға бай суы мен ерекше табиғаты. Мамандардың айтуынша, көл суы мен жағалауындағы климат ағзаны қалпына келтіруге қолайлы. Сондықтан мұнда тек демалып қана қоймай, денсаулығын нығайту мақсатында келетіндер де аз емес. Туризмнің дамуы өңір экономикасына да оң әсерін тигізіп жатыр. Жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Жергілікті кәсіпкерлер туристерге арналған қызмет түрлерін кеңейтіп, ұлттық тағамдар, экскурсиялар, судағы ойын-сауық пен белсенді демалыс бағыттарын ұсынып келеді.

Жазғы демалысқа жеңілдікпен: Алакөл бағытына билет бағасы 20%-5а арзандады

Соңғы жылдары Алакөлге жету де әлдеқайда жеңілдеді. Туристік маусымда теміржол бағыттарының саны көбейіп, әуе рейстері ұйымдастырылып, автожолдар жаңғыртылып жатыр. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.

Алакөл ажарланып келеді

Алакөлдің дамуы цифрлық технологиялармен де тығыз байланысты. Өңірді дамытудың мастер-жоспары бойынша заманауи туристік-рекреациялық аймақ құру көзделген. Жоба тәулігіне 75 мың турист қабылдай алатын инфрақұрылым қалыптастыруды қамтиды. Оның ішінде жағалауды нығайту, көшелерді абаттандыру, көлік жүйесін жетілдіру, цифрлық сервистерді енгізу және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету қарастырылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін биылғы жазғы демалыста Алакөлге барудың бес негізгі себебін жазған болатынбыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью