24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жыл басынан бері АҚШ-қа Қазақстаннан 750 млн долларға жуық көлемде тауар экспортталған.
Оның 260 млн доллардан астамын мұнай мен өнімдері құраса, қалғаны уран, күміс, ферроқорытпалар, тантал мен титан сынды сирек металдар үлесіне тиген. Ал Америкадан әкелінген импорт көлемі 9 айда 1,7 млрд долларға жеткен. Өткен жылғы сандармен салыстырғанда 4,8 пайызға төмен. Бұл ретте негізінен жеңіл көліктер, ұшақтар, ауыл шаруашылығы техникасы, медициналық құрал-жабдықтар мен өзге де жоғары технологиялы өнімдер тасымалданған. Дәрі-дәрмек пен вакциналардың үлесі де аз емес. Мәселен, осы уақытқа дейін 250 млн долларға жуық көлемде дәрілік препараттар жеткізілген. Былтырғыға қарағанда 2 есе көп.
2025 ж. қаңтар-қыркүйек айлары аралығында
АҚШ-қа экспорт - $749,7 млн
$269,1 млн - мұнай, мұнай өнімдері
Қалғаны - сирек металдар
АҚШ импорты - $1,7 млрд
2024 ж. - 4,8%
Жеңіл көліктер, ұшақтар, ауыл шаруашылығы техникасы, медициналық құрал-жабдықтар, компьютерлер
$249,3 млн - дәрілік препараттар, вакциналар