Биыл әскери шеру өте ме

08.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Биыл әскери шеру өткізу жоспарланбайды. Дегенмен 7 мамыр қарсаңында бірқатар әскери-патриоттық іс-шара басталады. Республика бойынша ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді құрметтеу, экологиялық акциялар өтеді. Сондай-ақ әскери оркестрлер шеруі мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі жоспарланған, — деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметі агенттік сауалына.

Сонымен бірге, әскери техника мен қару-жарақ көрмесі, «Сарбаз ботқасы» науқаны мен ашық есік күндері ұйымдастырылмақ.

Аталған іс-шаралар 10 мамырға дейін жалғасады.

Еске сала кетсек, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Қарулы күштерді құру туралы № 745 Жарлығы жарияланды. Жарлықта отандық қарулы күшті қалыптастырып, ол үшін тиісті жағдай жасау керектігі айтылған. Бұл — ел тыныштығын қорғап, бейбітшілікті қамтамасыз ететін әскери қызметшілерді құттықтап, құрмет көрсететін күн.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью