Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2026 жылы 3 000 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын, - делінген құжатта.
Сонымен қатар Қарулы Күштер Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу, ал алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қорғаныс министрлігі интернет-ресурсына орналастыру және осы бұйрық жарияланған күннен бастап он күн ішінде атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді министрліктің Заң департаментіне жолдау тапсырылған.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелген. Құжат мүдделі лауазымды тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелерге жеткізіліп, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Мәжілісте жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған еді.