Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: primeminister.kz

Министрдің айтуынша, бүгінде автомобиль өнеркәсібі үшін кадр даярлау еліміздің 19 жоғары оқу орнында 34 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Қазіргі таңда инженерлік бағыттарда 4 мыңға жуық студент білім алады. Биыл осы бағыттарға 3 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді», деді Саясат Нұрбек.

Қостанайда қытайлық Li Auto көліктері шығарылады

Сонымен қатар ол «Болашақ» бағдарламасы аясында да салаға қажетті мамандар даярланып жатқандығын атап өтті. Бағдарлама арқылы осы уақытқа дейін 176 маман дайындалса, қазіргі кезде 23 стипендиат Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Жапония, Қытай, Италия және басқа да елдерде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

Сондай-ақ Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2025 жылы Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік өндірілгенін айтты. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью