Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Жыл басынан бері түрлі шығармашылық байқауларға 1548 білім алушы қатысып, олардың 1231-і жүлдегер атанды.
«Бұл жетістік – жас өнерпаздардың табанды ізденісі мен ұстаздардың еселі еңбегінің жемісі. Олар классикалық музыка, балет, заманауи хореография, хор, фортепиано және сахна өнерінің өзге де бағыттарында бақ сынап, кәсіби шеберлігін паш етті», делінген ақпаратта.
Жас дарындар Пермь қаласында өткен Екатерина Максимова атындағы XIX «Арабеск-2026» ашық балет әртістері байқауы, Астанада ұйымдастырылған Халықаралық жас хореографтардың фестиваль-байқауы, А.Исакова атындағы XII халықаралық пианистер байқауы, Санкт-Петербургте өткен XI халықаралық балалар мен жасөспірімдер хор чемпионаты, Мәскеуде ұйымдастырылған XII халықаралық «Dance Moscow» жас хореография орындаушылары байқауы және Eurasia Piano Forum алаңында үздіктер қатарынан көрінді.
Президент әнші Мақпал Жүнісова мен домбырашы Татьяна Бурмистрованы марапаттады
Еске сала кетейік, биыл наурыз айында «Astana Musical» мемлекеттік театры көрерменге «Sulu: хор-концерт» атты ерекше музыкалық жобасын ұсынды. Театр әртістері дайындаған бұл кеш дәстүрлі концерт форматынан өзгеше, музыка мен театр өнерін шебер ұштастырған театрландырылған қойылым ретінде өтті.