Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биылдан бастап қандай сыныптарда оқулықтар жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде мектептерде қолданылып жүрген оқулықтар 2018-2019 жылдары басылған болатын. Содан бері мазмұндық тұрғыда жаңартылмаған.
"Оқулықтардың мазмұны елімізде қабылданған жаңа конституциялық өзгерістерге сәйкес қайта қаралып, заманауи талаптарға сай жаңартылатын болады", - деді Сүлейменова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оқулықтар жаңартылатын сыныптар:
2026 жылы 3, 4, 7, 8, 9 сыныптарға арналған оқулықтар; •
2027 жылы 1, 5 сыныптарда жаңа оқулықтар жарық көреді, ал 10-11 сынып оқулықтарының мазмұны қайта қаралады;
2028 жылы 2 және 6 сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады.
Министрдің айтуынша, осындай кешенді тәсіл оқушылардың сапалы білім алуына, олардың аналитикалық және ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға, ал ең бастысы қазіргі экономикада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.