24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Биыл «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы басталады.
Жоба орындалғанда «Орта дәліз» қашықтығы 900 шақырымға қысқармақ. Демек Ақтау, Құрық порттарына тура жол ашылады. Президент Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда осындай тапсырма берді. Сондай-ақ тозығы жеткен Қарағанды – Жезқазған бағыты жаңғыртылады. Ескі сүрлеу қапталына екі жолақты жаңа жол салынады. Түпкі мұрат төрт жолақты ету. Қасым-Жомарт Тоқаев «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы қолға алынатынын да айтты. Барлығы елдің халықаралық көлік-логистика орталығы ретіндегі әлеуетін күшейтеді. Жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы тікелей Президенттің бақылауында болады.