Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Жыл басынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін азаматтарға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 8 964 грант бөлінді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оның ішінде ауыл тұрғындарына 5 539 грант берілді. Биыл жалпы 9 234 грант беру жоспарланған.
"Үміткерлерден барлығы 22,7 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 14,8 мың, мүгедектігі бар адамдардан – 3,6 мың, мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдардан – 2,6 мың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардан – 600 өтініш қабылданды", - дейді ведомство.
Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандардан 758 адам, 178 қоныс аударушы және 145 қандас өтініш берді.
Өтінімдердің ең көп саны Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан, ал ең аз саны Астана мен Ұлытау облысынан келіп түскен.