Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы 113,7 құрады, бюджетке 2 979,0 млрд. теңге түсті, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд. теңге.
Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд. теңге), Қосылған құн салығы бойынша 138,8% (+428,6 млрд. теңге) құрады.
Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте бұрын 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалаулар пайда болды. Айта кету керек, мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді.
Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысы бойынша қалыптасады. Нәтижесінде, 1 наурызға ҚҚС бойынша жоспардың орындалуы 119,8%-ды құрайды немесе жоспар 1 281,0 млрд. теңге, нақты түсім 1 534,5 млрд. теңге.
Бүгін, 10:10