Биыл экономикалық өсім 6% дан асуы тиіс

30.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асуы тиіс.

Бұл кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Нәтижесінде ел тарихында жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 300 миллиард доллардан асады. Ол жан басына шаққанда 15 мың доллардан келеді. Экономиканың қарыштап дамуына ілкімді жобалар ықпал етті. Биыл 185 жоба жүзеге асырылып, 23 мыңға жуық тұрақты жұмыс орыны ашылды. Президент Достық - Мойынты темір жолының екінші желісін және Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan автокөлік зауытын іске қосты. Сонымен қатар Шымкент және Қызылорда әуежайларының жаңа терминалдарын аралап көріп, Астанадағы Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагонымен танысты. Елде бұдан бөлек қара және түсті металлургия, химия, целлюлоза-қағаз, жеңіл және тағам өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында бірқатар жоба іске асырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью