Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, жаз мезгілінде табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу қаупі артады. Осыған байланысты министрлік эпидемиологиялық мониторингті күшейтіп, медициналық ұйымдарды иммуноглобулинмен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ қауіп тобына кіретін азаматтарды вакцинациялау және эндемиялық өңірлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Кене энцефалиті – табиғи-ошақтық жұқпалы ауру. Қазақстанда бұл ауру көбіне Алматы қаласы мен оның маңында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Абай облысының Көкпекті ауданында, Ақмола облысының Сандықтау ауданында және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тіркеледі.
Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы анықталады. Биыл зертханалық жолмен 24 жағдай расталып, бұл көпжылдық орташа маусымдық көрсеткішке сәйкес келіп отыр.
Айта кетейік, Ақмола облысында кене шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті.