Биыл елімізде 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектеп салынады

16.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 16 ақпан - Sputnik. Апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында биыл 47 мың оқушыға шақталған 90 жаңа мектеп салу жоспарланған, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Мектеп құрылысы - арнайы мемлекеттік қор қаражаты, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылады.

Жаңа мектептердің басым бөлігі Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында бой көтеріп жатыр.

"Қосымша химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып, орнатылуда. Соңғы үш жылда 4320 пәндік кабинет сатып алынды", - дейді министрлік.

Сонымен қатар бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1300 мектепті, оның ішінде ауылдық жерлердегі 900 мектепті реновациялау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушыға арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды. Жалпы соңғы үш жылда 746 мың оқушы орнына арналған 584 мектеп пайдалануға берілген.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью