Биыл елімізде қылмыс саны 7% азайған

13.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Биыл елімізде қылмыстың жалпы саны 7 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Министрдің сөзінше, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қылмыс деңгейі екі есеге қысқарса, кісі өлтіру жағдайлары 4,5 есеге азайған. Ал халық саны бұл кезеңде 1,5 есеге артқан.

Бүгінде елде қылмыспен күрестің жүйелі саясаты жүргізіліп жатыр. Министрліктің мәліметінше, биылғы жылы да оң серпін сақталып отыр. Жалпы қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға (шамамен 6 мың жағдайға) азайған. Атап айтқанда:

Кісі өлтіру – 20%, Тонау – 28%, Қарақшылық – 30%, Бұзақылық – 11%, Ұрлық – 24,5% төмендеген.

Сондай-ақ бұрын сотталғандар жасаған қылмыстар 9%, қоғамдық орындарда жасалған құқықбұзушылықтар 7%, көшелердегі оқиғалар 5%, ал атыс қаруын қолданған істер 16% азайған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью