Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ертіс өзенінің жайылмаларына биыл 6 млрд текше метр су босатылып жатыр.
- 13 сәуірден бастап Шүлбі су қоймасынан негізгі су жіберу кезеңі басталды. Судың ең жоғары ағыны 8 тәулік бойы секундына 3500 текше метр болды. Түзетулерді ескере отырып, жалпы су көлемі шамамен 6 текше км болады. Бұл жайылманың 80-85% су басуын қамтамасыз етеді, - деп хабарлады облыс әкімдігінен.
Өзен бойында қазіргі күні 14 гидробекет жұмыс істеп тұр. Оларда қауіпті деңгейден асу тіркелген жоқ.
Еске сала кетейік, сәуір айының басында Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі «Ертіс» бассейндік инспекциясы Шүлбі су қоймасынан жалпы көлемі 6,3 текше километр су жіберілетінін хабарлаған болатын.
Іс жүзінде судың нақты түрде босатылуы жоспардағыдан 300 млн текше метрге кем болғалы тұр.
Былтыр 6,5 текше км су жіберіліп, кейінгі 11 жылда алғаш рет Ертіс жайылмасының 90 пайызға жуығын су басқан еді.