Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Жыл басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылды, 3 жасырын зертхананың әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Барлығы 3,2 кг героин, 8 кг метамфетамин, 70,6 кг апиын, 129,7 кг гашиш, 16 кг гашиш майы, 282 кг марихуана, 156,5 кг қарасора, 56,4 кг психотроптық заттар алынды.
Сондай-ақ 20 тонна көкнәр сабанының шикізаты мен 3,8 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.
"Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен 21 халықаралық есірткіге қарсы операция жүргізілді. Бұндай құқық бұзушылықтарды жасады деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және 7 шетелдік ұсталды", - дейді комитетте.
Шекаралас мемлекеттердің аумағында халықаралық қылмыстық топтардың 14 қатысушысы қолға түсті.