Биыл көмір өндіру саласына 553 млрд теңге инвестиция тартылады

18.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. Қазақстан көмір өндіру көлемін ұлғайтып, жарты триллион теңге инвестиция тартпақ, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 115 млн тонна көмір өндіріліп, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті.

"Оның ішінде 85 млн тонна көмір ішкі тұтыну мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталса, экспорт көлемі 30 млн тоннаны құрады", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары: Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзия және басқа да елдер.

2026 жылы көмір өндіру көлемін 128,9 млн тонна деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр. Қазір көмір өндірумен 40 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

"2025 жылы келісімшарттарға сәйкес жұмыс бағдарламалары аясындағы инвестиция көлемі 305 млрд теңгені құраса, 2026 жылы 553 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарланып отыр", - дейді министрлік мамандары.

Биылғы жылдың соңына дейін 10 жер қойнауы учаскесі бойынша көмір кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөнінде аукцион өткізу жоспарланған.

Еске салсақ, Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде 10-орында тұр. Жалпы көмір қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды. Қазіргі өндіру көлемін ескерсек, бұл 300 жылдан астам уақытқа жетеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью