24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Биыл «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізінің Қызылорда мен Ақтөбе арасындағы бөлігін кеңейту жұмыстары басталады.
Ал Орта дәлізді қысқартып, Ақтау, Құрық порттарына тікелей қатынау үшін Бейнеу-Сексеуіл автожолы салынады. Сонымен қатар Қарағанды-Жезқазған және Сарыағаш айналма жолдарының құрылысы жоспарланып отыр. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы бұл жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын тікелей бақылауда ұстайтынын айтты. Теміржол саласында да ірі бастамалар жүзеге асады. Биыл «Қызылжар-Мойынты» және «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желілері салынады. Сондай-ақ «Алтынкөл-Жетіген» және «Жезқазған-Сексеуіл» бағыттарындағы учаскелер жаңғыртылады.