Биыл күріш пен мақта егістіктері азаяды

24.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— Республиканың оңтүстік өңірлерінде күріш пен мақта сияқты суды көп қажет ететін дақылдар алаңдарын оңтайландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мысалы, су пайдалану лимитіне сәйкес күріш алаңы 20,2 мың гектарға қысқартылды, — деді Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, мақтаның егістіктері 162,4 мың гектар болып, оның ішінде тамшылатып суару алаңы 29,8 мың гектарға көбейеді, ал дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алаңдар 12 мың гектарға қысқарады.

— Жоғарыда аталған егіс алқаптарының құрылымы ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде өнім алуға мүмкіндік береді. Осы орайда 2026 жылға арналған осы құрылымды және әртараптандыру бойынша жаңа индикаторларды бекіту ұсынылады, — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын пысықтайтынын жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью