Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Банктен атап өткендей, Өзбекстан экономикасы былтыр жоғары өсім (7,7%) қарқынын көрсетті. Енді болжамға сай, биыл ішкі жалпы өнім 6,7%, ал 2027 жылы 6,8%-ға артады.
- Өзбекстан алдғы екі жылда тұрақты ішкі сұраныс, тартылып жатқан инвестиция мен жалғасып жатқан реформалардың есебінен тұрақты әрі жедел экономикалық өсім позициясын сақтап қалады, - деді Өзбекстандағы Азия даму банкі тұрақты өкілдігінің директоры Канокпан Лао-Арая.
Еске салайық, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 6,6 млрд долларға өсіп, 46,8 млрд долларға теңелді.
Сонымен қатар былтыр Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі алғаш рет 145 млрд доллардан асты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Өзбекстан үкіметі мемлекеттік бюджеттің 55% әлеуметтік салаға бағыттамақ.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, 2026 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өседі