Биыл Павлодарда онға жуық субұрқақ жөнделеді

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Павлодар қаласындағы субұрқақтар ретке келтіріле бастады. Қала әкімдігінің ақпарынша, бүгінде 22 субұрқақ бар, оларға «Коммунсервис» мекемесі жауапты.

- 22 субұрқақтың 19-ы статистикалық субұрқақтар болса, екеуі құрғақ, тағы біреуі динамикалық музыкалық құрғақ субұрқақ. Бұл нысандар жаз мезгілінде ауаны ылғалдандырып, тазарту арқылы қала экологиясын жақсартады. Иондалуды күшейтіп, шаһар шуын азайтады. Сондай-ақ өсімдіктердің өсуіне қолайлы микроклимат жасайды, - деп мәлімдеді әкімдіктен.

Кейінгі екі жылда «Каскад», «Орталық», «Айналайын», «Ломов-Сәтбаев» субұрқақтарында ағымдағы жөндеулер жүргізілген. Биыл тағы 8 субұрқақты, атап айтқанда, «Баянауыл» сауда үйі, «Ж.Аймауытов театры», «Руслан мен Людмила», «Сәтбаев» және тағы басқаларын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің жанындағы субұрқақтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

- Субұрқақтарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеулер жүргізуге, операторлардың еңбекақысы мен коммуналдық төлемдерді төлеуге, өзге де шығындарды өтеуге биыл бюджеттен 76,031 млн теңге қарастырылды. Негізгі мәселе, субұрқақтардың тозуына қатысты қалыптасып отыр.

Олардың барлығы кезегімен жөнделеді, - деп қосты әкімдіктен.

Еске сала кетейік, Алматыда мамыр айынан бастап субұрқақтар іске қосылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью