Биыл Президент 95 заңға қол қойды

30.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Биылғы жыл құқықтық-заңнамалық саладағы реформамен ерекшеленді.

Мемлекет басшысы 95 Заңға, 388 Жарлық, 80 Өкім, 22 отырыс хаттамасы мен 3504 қызметтік құжатқа қол қойды. Олардың қатарында Бюджет, Салық, Су кодекстерінің жаңа редакциялары мен «Жасанды интеллект туралы» Заңды ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға, сондай-ақ «Алатау қаласына даму қарқыны озық қала» арнаулы мәртебесін беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Енді Түркістанды мәдени-туристік орталыққа, ал Алатау қаласын жоғары технологиялық индустриясы бар, іскерлік хабқа айналдыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью