Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып келеді. Оның басты мақсаты – күн сайынғы еңбегі арқылы ұлттық ақпараттық кеңістіктің дамуына үлес қосып жүрген БАҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету.

2026 жылы бұл бағдарлама алғаш рет Астана мен Алматыдан тыс өңірлерді де қамтыды. Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді. Оның ішінде 15 пәтер – Астанада, 15 пәтер – Алматыда, ал қалған 36 пәтер еліміздің өңірлеріндегі журналистерге табысталды.

Пәтер иелерінің тізімі Dara Президенттік бастамалар қоры, Президент Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар және БАҚ редакцияларымен бірлесіп жасақталды. Осы бастама аясында соңғы үш жылда Президент атынан 200 отандық медиа саласы қызметкері баспаналы болды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью