Биыл Қазақстан барысында чемпион болған спортшымыз Grand Slam дегі бірінші белдесуінде оңбай ұтылды

01.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

БАӘ-дегі Grand Slam кезеңі қазақстандық балуандар үшін сәтсіз өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

100 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен «Qazaqstan Barysy-2025» турнирінің жеңімпазы Марат Байқамұров өзінің алғашқы белдесуінде-ақ Нидерланд спортшысы Симеон Катеринге жол берді.

Осы санатта күрескен тағы бір отандасымыз Нұрлыхан Шархан да бірінші кездесуінде Сербия балуаны Александар Куколден жеңілді.

+100 келі салмақта сынға түскен қазақстандық Еламан Ерғалиев те жарысты ерте аяқтады. Ол Бахрейн атынан сынға түсіп жүрген, бұрын Ресей намысын қорғаған балуан Азамат Чорчаевқа есе жіберді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью