Биыл Қазақстанда негізгі теміржол учаскелері күрделі жөндеуден өтті

09.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда негізгі теміржол учаскелері күрделі жөндеуден өтті.

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының мәліметінше, Президент тапсырмасы бойынша теміржолдың төрт мың шақырымнан астамы жаңғыртылды. Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, пойыздардың жылдамдығын арттыру мақсатында темір жолдың 11 мың шақырымын жөндеуді тапсырған еді. Қазір бұл жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жаңа желілердің құрылысы басталған. Жалпы ұзындығы шамамен үш мың шақырым болар 7 учаскеде автоблоктау жүйелері енгізіліп жатыр. Бұл жұмыстар келесі жылы аяқталмақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью