Биыл шетелдік студенттер ел қазынасына 30 млрд теңге түсірген

25.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

— Министрлік стратегиясында 2028–2029 жылдарға қарай Қазақстанда шамамен 100 мың шетелдік студентке қызмет көрсету міндеті бекітілген. Алдын ала есептеулерге сәйкес, бұл еліміздің жоғары білім беру жүйесіне жыл сайын шамамен 1 трлн теңге көлемінде кіріс әкеледі. Осылайша, университеттер үшін тұрақты даму бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік туады, — дейді министрлік мамандары.

Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылында Қазақстанға 35,2 мың шетелдік студент келіп, ел экономикасына шамамен 30 млрд теңге көлемінде қаржы түсірген.

Осыған дейін елордада студенттер мен оқушылар бірігіп, әтір өндіріп жатқаны туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью