Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ведомство мәліметінше, қауіпсіз шомылатын орындар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, әкімдіктер мен өңірлік төтенше жағдайлар департаменттерінің ресми сайттарында, сондай-ақ 2GIS қосымшасында жарияланады.
Биыл еліміз бойынша су айдындарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 733 рұқсат етілген орын белгіленген. Оның ішінде 294 коммуналдық және 420 жеке жағажай бар (19-ы спорттық және туристік мақсаттарға арналған). Барлық коммуналдық жағажайлар халық үшін тегін.
Биыл шомылу маусымы басталғалы бері ТЖМ қызметкерлері патрульдеу барысында 218 адамды құтқарып қалған. Оның ішінде 76 кәмелетке толмаған бала бар.
Ақмола облысында 11 жастағы бала Нұра-Есіл каналында суға батып кетті
«ТЖМ, ІІМ және еріктілер ұйымдарының күшімен адамдардың қауіпті учаскелерде қаза болу қаупін азайту мақсатында азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзуының алдын алу үшін 39 мыңнан астам рейд пен патрульдеу іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде 1 995 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 26 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қорғалмайтын су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күшімен қосымша 233 мобильді құтқару тобы қойылып, сондай-ақ 52 құтқару станциясы жұмыс істеп тұр», делінген ақпаратта.
Жыл басынан бері 30 мың бала жүзу дағдыларына оқытылып, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Сонымен қатар шамамен 249 мың дана көрнекі оқу-ағарту материалдары таратылып, су айдындарында 1 445 қауіпсіздік белгісі орнатылған.