Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлар құрылысы жоспарлы түрде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Gov.kz
Нысандар туристік инфрақұрылымды дамытуға және өңірдің көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Үкімет отырысында жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов баяндады.
Зайсан әуежайы бойынша дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Әуеайлақ бөлігінің құрылысы толық көлемде аяқталды. Қазіргі уақытта ғимараттар салу, инженерлік инфрақұрылым тарту, автомобиль жолдарын және периметрлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.
Катонқарағай әуежайының дайындық деңгейі 55%-ды құрайды. Жасанды ұшу-қону жолағының асфальтбетон жабынының екінші қабатын төсеу, ғимараттар салу, инженерлік желілер жүргізу, автомобиль жолдарын және периметрлік қоршауды орнату жұмыстары жалғасып келеді. Нысанды тапсыру қыркүйек айына жоспарланған.
Осы жылы екі аэродромды да толық пайдалануға беру және сертификаттау күтіліп отыр.
«Әуе компанияларын тарту және маршруттық желіні қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа әуежайлар бойынша бірінші кезеңде Өскемен, Алматы және Астана қалаларына ішкі әуе қатынасын ұйымдастыру, кейіннен халықаралық бағыттарды пысықтау жоспарланып отыр. Аталған іс-шараларды іске асыру жолаушылар ағынын жылына 100 мың жолаушыға арттыруға – 700 мыңнан 800 мың жолаушыға дейін, заманауи туристік инфрақұрылымды дамытуға, ішкі және сырттан келу туризм саласына инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді облыс әкімі.
Осыған дейін Қазақстаннан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейстерін ашу мерзімдері белгілі болғандығы жөнінде хабарладық. Үкімет отырысында бұл мәселені Олжас Бектенов көтеріп, халықаралық бағыттардың кешігу себебін сұрады.
Соңғы жаңалықтар
Қызылордада 4 жасар бала терезеден құлап кете жаздады
Қоғам • Бүгін, 11:52
Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады
Технология • Бүгін, 11:50
Қазақстанда авиация саласына бөлінетін гранттар саны артты
Білім • Бүгін, 11:47
Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер қашан ашылады?
Логистика • Бүгін, 11:44
Бір билетпен екі адам өтуге болмайды: LRT басшылығы жолаушыларға ескерту жасады
Оқиға • Бүгін, 11:42
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы қашан ашылады?
Елорда • Бүгін, 11:40
Қазақстан әуежайларында жолаушыларды бет-әлпет арқылы тіркеу енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 11:27
2027 жылдан бастап ел тұрғындары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады
Денсаулық • Бүгін, 11:25
Енді көлік нөмірін мұраға қалдыруға рұқсат етіледі
Қоғам • Бүгін, 11:10
Қарағанды облысында өрт ошақтарын дрондар бақылайды
Технология • Бүгін, 11:07
Бұған дейін екі рет сотталған: Шымкентте әйелді аяусыз өлтірген ер адам жазадан құтылып кетті
Аймақтар • Бүгін, 10:57
«Жалақыда айырмашылық бар»: Темір қаласының тұрғындары ауыл мәртебесін беруді сұрап отыр
Қоғам • Бүгін, 10:53
Тағайындалғанына үш ай ғана болған: СҚО-да аудан әкімі өзіне қол жұмсады
Қоғам • Бүгін, 10:50
Биыл Құрбан айт мерекесі ерекше форматта тойланбақ: Бас мүфти маңызды мәлімдеме жасады
Мереке • Бүгін, 10:42
«Музей түні»: Ұлттық орталық музейге бір түнде 17 мың адам барды
Мәдениет • Бүгін, 10:41