Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық. Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 2025 жылы конкурсқа қатысу үшін 113 мың өтініш қабылданған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Естеріңізге салсақ, биыл бакалавриатқа түсу үшін 75 мыңнан астам грант бөлініп отыр. Гранттардың басым бөлігі (60%) инженерлік бағыттағы мамандықтарға, 20% – педагогикалық мамандықтарға, 20% – басқа салаларға еңбек нарындағы қажеттілікті ескере отырып берілді.
Соңғы бірнеше жыл бойы ең сұранысқа ие білім беру бағыттары бойынша талапкерлердің таңдауы өзгеріссіз қалып отыр. Өтініштердің көпшілігі «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сияқты бағыттарға берілді. Қабылдау науқанының нәтижесіне сәйкес болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар және мұғалімдер арасында бір гранттық орынға ең үлкен конкурс жоспарланған.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері кіреді.
Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.